Т. Эрдоған: Түркия «Ислам халифатымен» күрес үшін әскери көмек көрсете алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия «Ислам халифатымен» (ИХ) күрес үшін әскери және саяси көмек көрсете алады. Бұл туралы Нью-Йоркте Түркия Президенті Тайып Эрдоған мәлімдеді, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Сондай-ақ, ол бұл мәселе жөнінде мүмкіндік болса АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесуге ниетті екенін жеткізген.
«Түркия ИХ-мен күрес жолында қолынан келгенді аямайды және бұған дейін жыйған бар тәжірибесін пайдалануға дайын», - деді Эрдоған.
Бұған дейін 49 түркиялықтың лаңкестер қолында тұтқында болғандығы бұл елдің нақты шешім қабылдауына кедергі болып келген еді. Алайда, Түркия арнайы жасағы жүргізген әскери операция нәтижесінде 20 қыркүйек күні олар түгелдей азат етілген болатын.