Т.Ермегияевтің сенімді тұлғасы С. Нәдірбаевты жасырған екі күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ЭКСПО-2017 қаражатын ұрлауға жәрдемдескені үшін іздеудегі С. Нәдірбаевты жасыруға қатысқан Н. Молдашев пен С. Ережепті ұстады.
ҚР ҚК 432-бабы бойынша күдікті Н.Молдашев пен С.Ережепке қатысты Алматы қаласы Медеу аудандық соты қамауда ұстау - бұлтартпау шарасын санкциялады.
Ұлттық бюро баспасөз қызметінде хабарлағандай, сот алды тергеу жалғасуда.