Т.Құлыбаев Халықаралық бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат -  Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық бокс федерациясы Атқарушы бюросының (AIBA Professional Boxing (APB)  отырысы барысында Қазақстан бокс федерациясының

Т.Құлыбаев Халықаралық бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды

президенті Тимур Құлыбаев осы ұйымның вице-президенті болып сайланды.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Т.Құлыбаевтың кандидатурасын AIBA-ның Атқарушы бюросының қарауына Халықаралық бокс федерациясының президенті Чинг-куо Вудың өзі енгізді. Құттықтау хатында ол Т.Құлыбаевтың AIBA-ның кәсіби боксты дамытуды көздейтін инновациялық жобаны (қазіргі «Астана арландары» қатысып жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы - автор) қолдағаны үшін өз ризашылығын білдіріп, жеке құттықтауын жеткізді.