Т. Құлыбаев: KAZENERGY қауымдастығы ҚР Үкiметiмен барлық мәселелер бойынша тығыз байланыс орнатуға дайын
«Бүгiн Энергетика министрлiгiмен келiсiм жасалды. Бiз белсендi әрi тығыз жұмыс жасап келдiк. Школьник мырза қауымдастықтың барлық жұмыстарына қатысып келе жатыр және оның iсiн бүге-шiгесiне дейiн бiледi», - дедi Т. Құлыбаев «KAZENERGY» қауымдастығы және ҚР Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою барысында.
Оның сөзiне қарағанда, қауымдастықтың құрамында қазақстандық және халықаралық мамандар жұмыс жасауда. Соның арқасында Kazenergy қауымдастығының өзiне тән жоғары деңгейдегi сараптамасы қалыптасып үлгердi.
«Келесi жылы бiзге 10 жыл толады. Осы жыл аралығында қауымдастық мүшелерi арасындағы өзара қарым-қатынас жолға қойылды, сарапшылық әлеует тартылып, түрлi мәселелер жоғары деңгейде көтерiлуде. Айтайын дегенiм KAZENERGY ҚР Үкiметiмен барлық мәселелер бойынша тығыз байланыс орнатуға дайын», - деп атап өттi ол.