Т.Күзембаев атындағы шахта қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Көміртегі тотығы деңгейінің көтерілуі салдарынан жұмысы тоқтатылған Т.Күзембаев атындағы шахта қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр,

Т.Күзембаев атындағы     шахта қалыпты режимде   жұмыс  істеп жатыр

деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

«Мамырдың 17-сі күні кешке шахтада бөлшектеудегі 42 К-10-3 лавасын оқшаулау жөніндегі жұмыстар аяқталды. Лава төңірегіндегі және шахтадағы газдың деңгейі санитарлық нормаға сәйкес. Сағат 20.00-дан бастап шахта қалыпты режимде жұмыс істеуде», - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Т.Күзембаев атындағы шахтасында мамырдың 15-і күні 22 сағат 25 минутта 42 К-10-З бөлшектеудегі лаваның жоғарғы қыртысында 515-560 тереңдікте көміртегі тотығының концентрациясы көбейген. Осыған байланысты шахтадан 164 адам көшіріліп, кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.