17:44, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Т.Мұсабаев еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетін басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды, деп хабарлады жаңадан ұйымдастырылған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Комитет ақпаратына қарағанда, 2014 жылдың 13 тамыз күні ҚР Премьер-Министрінің бұйрығымен Талғат Мұсабаев Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.
2014 жылдың 21 тамызы күні ҚР ИДМ басшысы Әсет Исекешевтің бұйрығымен Т.Мұсабаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Т.Мұсабаев - Тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Ресей батыры, ҚР авиация генерал-лейтенанты. Ол соңғы 7 жыл бойы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігіне басшылық жасаған болатын.