Т.Нұрмағанбетовтың «Қожанасыр тірі екен» атты комедиялық қойылымның премьерасы өтеді

      АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында желтоқсан айының 10 мен 19-ы күндері аралығында Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Қожанасыр тірі екен» атты комедиялық қойылымның  премьерасы өтеді, 

Т.Нұрмағанбетовтың «Қожанасыр тірі екен» атты комедиялық қойылымның  премьерасы өтеді

    деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып, халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.

             «Қожанасыр тірі екен» спектаклінің арқауы бүгінгі күн. Онда Шығыс және оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер Қожанасырдың, таза қазақ фольклор кейіпкерлері Алдар көсе мен Тазшаның көзімен көрінетін бүгінгі күн және оның адамгершілік бет-бейнесі көрсетіледі.