Т.Охлопкова: ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы жергілікті сайлауды байқауды жүзеге асырмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы жергілікті сайлауды байқауды жүзеге асырмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.
None
None

«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлец Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен 2016 жылғы 17 ақпанда болған кездесуінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы жергілікті сайлауды байқауды жүзеге асырмайтынын мәлімдеді. ЕҚЫҰ байқаушыларының қызметі сайлауды байқау жөніндегі нұсқаумен регламенттеледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ТМД байқаушылары үшін негіз қалаушы құжат 2004 жылы 26 наурызда Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы ТМД-дан байқаушылар миссиясы туралы ереже болып табылады. ТМД миссиясының құрамына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей одағы парламенттік жиналысының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының делегациялары кіреді. ШЫҰ байқаушылары өз жұмысында Сыртқы істер министрлерінің 2006 жылы 15 мамырдағы шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы, сондай-ақ референдумдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар миссиясы туралы ережені басшылыққа алады.

«ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының жергілікті сайлауды байқауға мандаты жоқ. Олар президенттік, парламенттік сайлауды және референдумдарды ғана байқауды жүзеге асыруға құқылы», - деді Т.Охлопкова.

ҚР ОСК мүшесінің айтуына қарағанда, миссиялар сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында Ортсайлаукомға аралық есептерін жібере алады. Сайлау науқаны аяқталған соң ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы баспасөз конференцияда алдын ала тұжырымдар мен қорытындылар туралы мәлімдемесін жария етеді. Ал сайлау процесі аяқталған соң шамамен екі айдан кейін ол қорытынды есебін жариялайды. ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясы, әдетте, баспасөз конференциясында сайлаудың бағасы туралы қорытынды мәлімдемесін жария етеді.

Соңғы жаңалықтар