Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Жастар нашақорға қарсы» атты «дөңгелек үстел» өтті
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Мұсахаев Әділет/ -Бүгін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Әуезов ауданы әкімінің орынбасары А.Нүкеновтың төрағалығымен, «Жастар нашақорға қарсы» атты «дөңгелек үстел» өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш мәжіліске Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы ішкі істер Департаментінің есірткі бизнесімен күресу жөніндегі басқармасының, Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығының, Әуезов ауданы бойынша ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің өкілдері, ауданда орналасқан 6 жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысы бойынша проректорлары мен «Жас қанат» жастар қауымдастығы қатысты.
Мәжіліс барысында Әуезов ауданында заң бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, қылмыспен және есірткі бизнесімен күреске басты назар аударатындықтары жеткізілді.
Алматы қаласы ішкі істер Басқармасы есірткімен күрес басқармасының өкілі, Әуезов ауданы ішкі істер басқармасының бастығы, Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығының өкілдері баяндама жасап, оны талқылай отырып ұсыныстар қабылдады.