Т.Савельева Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі лауазымына Савельева Татьяна Михайловна тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Туиттер микроблогындағы ресми парақшасында хабарланды.
Татьяна Савельева бұған дейін министрліктегі Бюджеттік жоспарлау департаментін басқарып келген.