13:08, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Т.Төлешевтің қылмыстық тобы адамдарды ұрып-соққан сәттерін бейне камераға түсіріп отырған - ҰҚК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы бизнесмен Тоқтап Төлешевтің қылмыстық тобы адамдарға зәбір көрсетіп, ұрып-соққан сәттерін бейне камераға түсіріп отырған. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.
«Тергеу көрсетіп отырғандай, Тоқтар Төлешевтің бұйрығымен оның қылмыстық тобы адам өлтіріп, заңсыз адам ұрлап, оларды ұрып-соғатын болған. Т.Төлешевтің айтуымен, адамға жәбір көрсету сәттері фото және бейне камераға түсіріліп отырған»,-деп мәлім етті Р.Қарасев.
Р.Қарасевтің айтуынша, осы қылмыстық іс аясында Т.Төлешевті тінту кезінде осындай материалдар табылған. Бейнежазбалардағы адамдардың кім екендігі анықталған, енді олар сотта куәгер және зардап шегуші ретінде сөз сөйлейді.