Т. Жақсылықов: Еуразиялық интеграциядағы Қазақстанның мақсаты - тауар өткізу нарығын кеңейту

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап БЭК мүше елдері мемлекеттік сатып алуларға ұлттық тәртіптемені ұсынуда. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнім жеткізушілерге ресейлік және беларусьтік өнім берушілермен тең дәрежеде Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ Келісімі жобасын талқылау жөніндегі отырыс барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты.

Т. Жақсылықов: Еуразиялық интеграциядағы Қазақстанның мақсаты - тауар өткізу нарығын кеңейту

Аталған министрлік баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, 2012 жылы БЭК-ке мүше елдердің мемлекеттік сатып алу нарығының көлемі 198 млрд. долларды, ал Қазақстанның мемлекеттік сатып алу нарығы 7,6 млрд. долларды құрады. «Серіктес мемлекеттер нарығы отандық нарықтан 26 есе артады. Бұл отандық тауар өндірушілерге даму әлеуетін арттыруға серпін береді», - деп түсіндірді Т. Жақсылықов. Министрлік мәліметіне қарағанда, Кедендік Одақ құрылғаннан бері мүше елдер арасындағы өзара сауда жасау өсімі байқалуды. 2010 жыл мен 2013 жылдың қыркүйегі аралығында КО екі жақты сауда өсімінің жылдық орта мөлшерінің қарқыны 15,8 пайызды құрады.