Т. Жұмағұлов Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат -  Бүгін Парламент Сенаты аппаратының басшысы Қайрат Нұрпейісовтің өкімімен палата баспасөз қызметінің жетекшісі болып Талғат Жұмағұлов тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Талғат Жұмағұлов Сыртқы істер министрлігі жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызметте болған. Соның ішінде еліміздің Израильдегі Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде қызмет етті. Соңғы жылдары республика сыртқы саясат мекемесінің Халықаралық ақпарат комитетіндегі Ақпарат басқармасының бастығы болды.

Соңғы жаңалықтар