Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Дәурен Әбіров пен Мінтай Тілеубаев дәрісханалары ашылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР-ның халық әртісі, профессор Дәурен Әбіров пен ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мінтай Тілеубаев дәрісханаларының салтанатты ашылу рәсімдері өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашылу салтанатында академия ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, оқытушылар, белгілі өнер қайраткерлерінің ұрпақтары қатысты.

Дәурен Тастанбекұлы Қазақ ұлттық өнер академиясында 1978-2001 жылдар аралығында қызмет еткен ұлағатты ұстаз. ГИТИС - Ресей театр өнері академиясын 1949 жылы бітірген ол еліміздің тұңғыш балетмейстері болды. Көп жылдар бойы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында қызмет етіп, көптеген балеттердің қоюшысы болды. 1994 жылы осы оқу орнында, онан кейін Қыздар педагогикалық институтында (қазір университет) хореография кафедрасын ашты. Эдуард Мальбеков, Инэсса Манская сынды ҚР еңбек сіңірген әртістері оның тәрбиесін көрген. Қазақтың тұңғыш балетмейстері 2001 жылдың 5-ші мамырында дүниеден озды

Мінтай Тілеубаев академияның 1975 жылдан бергі ұстазы. Ресейдегі Н. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының түлегі. 1994 жылғы хореография кафедрасының ашылуына атсалысқан. 1998 жылғы жаңа елорданың ашылу салтанатының Бас қоюшысы болған.

«Ол студент кезінен қойылымдар сахналап, оқу бітірген соң бірнеше жыл сол Консерваторияда қызмет етті. Кейіннен Алматыға келіп, еліміздегі хореография өнерінің дамуына көп еңбек сіңірген еді», дейді өнер қайраткерінің жұбайы Светлана Тищенко. Оның айтуынша, алдағы желтоқсан айында М. Тілеубаевты еске түсіру концерті өткізілгелі отыр.

Ұстаздың үлкен ұлы Марат қазір музыкант, «Улыбка» балалар қуыршақ театрының дыбыс режиссеры. Ал әкесінің жолын қуған кейінгі ұлы Майлен бүгінде Жапониядағы Токио балет театрының жетекші солисі.

Соңғы жаңалықтар