Т.Жүсіпов жеңісімен «Астана арландарын» алға шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB матчы бойынша «Astana Arlans» - «Baku Fires» кездесуінде шаршы алаңға бірінші болып 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Джавид Дадашов шықты, деп жазады Sports.kz порталы.
Спортшымыз айқын басымдылықпен қарсыласын ұтты, есеп - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45).