15:46, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Табиғат апаты: Қырғызстанның астанасын бұршақ басып қалды
БІШКЕК. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Табиғат апаты Қырғызстан астанасына қатты соққы берді – диаметрі бір жарым сантиметр болатын ірі бұршақ бес минут толассыз жауды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бішкекке табиғат апаты төнеді деген ешқандай қауіп жоқ еді. Таңертеңнен түске дейін күн шайдай ашық болды. Түс ауа аспанды қалың бұлт торлап, ұйытқи жел соқты. Сағат 13.30-да қалың бұршақ толассыз құйды. Ел астанасы мен тұрғындарға ол айтарлықтай зиян келтірді, бірақ оның мөлшері әлі есептелген жоқ. Қазір Бішкекте қайтадан шуақты ауа райы орнаған.