Табиғат ғажайыбы: Атакама шөлі гүл бағына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили тұрғындары ең сирек кездесетін табиғат құбылысын түсіріп алды: ғаламшарымыздағы ең құрғақ жер болып саналатын елдің солтүстігіндегі Атакама шөлінде гүл өсіп шықты. 

Табиғат ғажайыбы: Атакама шөлі гүл бағына айналды

Оның гүлдеуіне өңірде қыс мезгілінде тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болған, деп хабарлайды Metro.

Атакамада кем дегенде 7 жыл сайын ғана өсімдік өседі, алайда тосыннан  жауған жаңбырдың арқасында бұл жер 2 жыл сайын гүлдейтін баққа айналды. Қазір шөлде флораның 200 түрін байқауға болады.

Соның арқасында өңірге ағылған туристер саны айтарлықтай артқан.