Табиғат қорғау ұйымдары еркектерге наурыздың 8-іне сүйіктілеріне бәйшешек сыйламауға шақырып отыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Көктем келісімен жер бетіне алғаш шығатын бәйшешек, Алатау шафраны, жартас фиалкасы сынды гүлдер соңғы жылдары 2-3 есеге дейін азайып кетті.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда көктемнің алғашқы гүлдерін қорғауға байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізген БҰҰ даму бағдарламасы, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық менеджері Құралай Кәрібаеваның айтуынша, көктем шығысымен қылтиятын бұл гүлдердің қызу саудасы басталады. «Бұл гүлдер онсыз да еліміздің қызыл кітабына енгізіліп, жойылып кету алдында тұрған гүлдер санатында. Жаппай жұлып, сатудың нәтижесінде соңғы 10 жылда бұл гүлдер Алматы маңынан 5-7 шақырымға дейін «алыстап» кетті. Сондықтан қоғам болып бұл мәселеге назар аударуымыз қажет» дейді Қ.Кәрібаева. Ол сондай-ақ табиғатты қорғау ұйымдарының атынан алдағы 8 наурыз мерекесінде барлық еркектерге бәйшешек пен Алатау шафраны сынды гүлдерді сатып алып, сыйламауды өтінетінін айтады. Оның айтуынша, бұл гүлдерді жұлу оның тозаңданып үлгермей, нәтижесінде санының азайуына әкеп соғып отыр.

Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Назия Аухинованың айтуынша, қызыл кітапқа енген көктемнің алғашқы гүлдің әр талын рұқсатсыз жинағанға 0,5 АЕК немесе 706,5 теңге көлемінде айыппұл салынады. Алайда бұл жаңа қылтиған бәйшешекті жұлып сатушыларды тоқтата алмай отыр. Қазірдің өзінде Алматының әр жерінде бәйшешек саудасы қызып тұр. 10-15 гүлден тұратын гүлдестенің бағасы 300-500 теңге көлемінде сатылуда.

Соңғы жаңалықтар