Табиғат өртін ауыздықтауға лайықталған үш Бе-200 амфибия ұшақтарын сатып алу қажет - ТЖМ

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров табиғат өртін сөндіруге арналған үш Бе-200 амфибия ұшақтарын сатып алуды ұсынды.

Табиғат өртін ауыздықтауға лайықталған үш Бе-200 амфибия ұшақтарын сатып алу қажет - ТЖМ

«Елімізде болатын табиғат өртін тиімді сөндіруге арналған үш Бе-200 амфибия ұшақтарын сатып алу қажет. Бұл ұшақтар Ресей аумақтарындағы өрттерді сөндіру кезіндегі сынықта тиімділік танытып отыр,- деді В. Петров. Оның айтуынша, бірінші кезеңде осындай бір ұшақты сатып алып, оны Астана маңында ұстап, сондай-ақ республиканың барлық аумағына бару мүмкіндігін қарастыру керек.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігі күштерінің тобында табиғат өртін ауыздықтауға арналған 238 арнайы техника бар. Осы орайда ол техникалардың басым бөлігі 1970-1980 жылдары шығарылғанын және ескіргенін айтып өтті. «Атап айтқанда, бүгінде осы автокөлік паркін жаңарту қажеттілігі туындап отыр»,-деді В. Петров.