Табиғатқа жанашыр ұрпақ: Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды

АТЫРАУ. KAZINFORM - Атырауда оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Есо Lab» экологиялық бұрышы ашылды.

Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған маңызды жоба Ақжар ауылындағы &44 мектеп-гимназиясында қолға алынды. Кең ауқымды жоба шеңберінде ата-аналардың қолдауымен мектеп ауласына тал егілді. Олардың қатарында жеміс ағаштары да бар. Осылайша ұстаздар мен оқушылар табиғатқа деген жанашырлығын ерекше форматта көрсетті.

Абай Ақмұрзиев
Фото: Атырау облысының әкімдігі

- Аталған жоба – білім алушылардың экологиялық сауатын арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. «EcoLab» бұрышы оқушыларға табиғатты зерттеп, экологиялық мәселелерді түсінуге, сондай-ақ күнделікті өмірде табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді №44 мектеп-гимназиясының директоры Абай Ақмурзиев.

Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Экобұрышта көжектер, тотықұстар, балапандар, тасбақалар және аквариумдағы балықтар бар. Сондай-ақ, оқушылар арнайы жылыжай ұйымдастырып, қызанақ пен қиярды баптап өсіріп отыр. Экобұрыштың ашылу салтанатында оқушылар суды үнемдеу, үй жағдайында жанартау жасау жолдарынан зертханалық жұмыстар көрсетті. Ал жаңа экобұрыштың лентасын облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гүлайым Телеубаева қиды.

Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Шараға қатысушылар мен қонақтар жобаның ауқымы кеңейіп, үлкен бастамалардың бастауы болатынына сенім білдіретінін жеткізді.

Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар