Табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жауапкершілік артады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы,
None
None

жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты әзірлеудегі негізгі мақсат орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы қазіргі заманғы әлеуметтік және экономикалық жағдайларға сәйкес келтіру болып табылады. Сонымен бірге, заң жобасында аталған салалардағы құқықтық қатынастарды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін нормаларды жою, биологиялық саналуандықты сақтауға және пайдалануға қол жеткізу шаралары көзделеді. Тұтастай алғанда заң жобасы табиғатты қорғау құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті арттыру мәселелерін де қамтиды. Бұл ретте мемлекеттік, атап айтқанда «семей орманы» мен «ертіс орманы» табиғи резерваттар аумағында заңсыз ағаш кесулермен күрес шаралары қатайтылады. Ал браконьерлікпен күрес шараларын қатайту үшін заңсыз аң аулау кезінде қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті міндетті түрде тәркілеу туралы норма енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар