Табиғаттың мінезі көлік қатынасын тағы да қиындатты - Көлік министрлігі
АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 27-сі күнгі сағат 12.00 мәлімет бойынша, республиканың бірнеше облыстарында ұйытқып жел тұруы, боран, жаңбыр және көшкін салдарынан автокөлік қозғалысы шектеліп отыр.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында Омбы - Майқапшағай автожолының Қалжыр - Теректі учаскесінің 22-124 шақырымдары, 852-нші шақырымдағы көпірді қоса алғанда, Қарағанды - Аягөз автожолының Тарбағатай - Ақсуат учаскесінің 794-900 шақырымы, Алматы - Өскемен автожолының Қалбатау -Өскемен учаскелерінің 977-1079 шақырымдары, Өскемен - Зырян - Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Өскемен - Северное учаскесінің 0-46 шақырымдары жабылды. Жалпы облыс бойынша 96 қар тазарту техникасы жұмыс жасауда.
Ал Батыс Қазақстан облысында Қазталовка -Жәнібек автожолының 0-162 шақырымдарының аралығында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Қазір бұл учаскеде 3 қар тазарту техникасы жұмыс жасауда.
Кеше, наурыздың 26-сында Қарағанды және Қостанай облыстарының жолдарында шектеулер енгізілген болатын. Қазіргі уақытта осы аймақтардағы жолдар ашық, жол қызметінің күшімен қар басып қалған учаскелер тазартылған.
Автомобиль жолдарының жағдайы бойынша шұғыл ақпаратты тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік қызметтердің телефоны арқылы алуға болады: (7172) 23-89-25, 23-89-34. Дәл осындай диспетчерлік қызметтер барлық аймақтарда бар.
Байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік облысы /7252/ 55-80-95