Табиғи апаттан кейін күншығыс елінен ешқандай тауар әкелінген жоқ - «Әуежай-Астана» кеден бекетінің бастығы

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Табиғи апаттан кейін күншығыс елінен ешқандай тауар әкелінген жоқ»,-деді «Әуежай-Астана» кеден бекетінің бастығы, кеден қызметінің подполковнигі Санат Нұрқиясов осы мәселеге байланысты ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, кеден бекетіне Жапониядан әкелінетін автокөлік бөлшектерінің Еуропа Одағына мүше елдері арқылы жеткізілді. «Әуежай тек қана кедендік шекара емес, бұл еліміздің ішкі және сыртқы байланысын жалғастырып тұрған көпір іспеттес. Мұнда тек кеденшілер емес, бақылауға қатысы бар барлық қызметтер бар. Сырттан әкелінетін заттар, қатаң әрі жіті бақылауда. Оның ішінде біз жалпы радиациялық қауіпсіздендіру кешенін "Янтарьді" пайдаланамыз. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары, дозиметрлер арқылы жолаушыларды не олардың қол жүгі, тауарлар, қоймалардың орны радиациялық қауіпсіздіздігі жағынан тексеріледі», - деді С.Нұрқиясов.

Оның айтуынша, елордамыздың кейпі өзгеріп, халқы көбейген сайын әуе көліктері арқылы қатынайтындардың қатары артуда. Жыл басынан бері 52 мың 882 жолаушы республикамыздың аймағына ұшып келсе, 53 мың 283 жолаушы елімізден ұшып кеткен.

Ал елімізге келетін халықаралық әуе рейстерінің саны - 683.

Соңғы жаңалықтар
Референдум