Табиғи апаттар әлемге $200 млрд. шығын әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы табиғи апаттар әлемге $200 млрд-тан астам көлемде экономикалық шығын әкелді, деп жазады шетелдік БАҚ.
БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, соңғы 10 жылда шамамен 3,5 мың жер сілкінісі, сел, дауыл, құрғақшылық және өзге де апаттар тіркелді. Салдарынан 750 мыңға жуық адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың 90пайызы дамуы төмен немесе орташа деңгейдегі елдерде болған. Сарапшылардың болжауынша, алдағы уақытта болатын табиғи апаттар бұдан да күшті әсер етпек.