Табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз. Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр», - деді Мемлекет басшысы.

Президент әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кеткенін ескертті.

«Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады. Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналды. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram