Табиғи інжу рекордтық баға - 1,36 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда өткен бәссаудада табиғи інжу әлемдік рекордтық баға - 1,36 млн. АҚШ долларына сатылды.

Табиғи інжу рекордтық баға - 1,36 млн. долларға сатылды

Бұл туралы Солсбери қаласындағы Woolley and Wallis сауда үйінің өкілі хабарлады.

"Дөңгелек інжудің диаметрі 17,4 миллиметр, салмағы - 33,14 карат, деп мәлім етті ол. - Әлемдік аукциондар тарихында оларға ешқашан осынша ірі табиғи інжу түспеген".

ВВС радиостансасы хабарлағандай, інжу зергерге кездейсоқ белгісіз бір әйел әкелген сырғадан табылған. Әйелге оны жұбайы сыйға тартқан екен.