Табиғи монополия субъектілеріне мониторингілеу және сапаны бақылау жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз жасау ұсынылады - М.Оспанов

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Табиғи монополия субъектілеріне мониторингілеу және сапаны бақылау жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз жасау ұсынылады.

Табиғи монополия субъектілеріне мониторингілеу және сапаны бақылау жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз жасау ұсынылады - М.Оспанов

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов айтты.

«Табиғи монополия субъектілеріне мониторингілеу мен сапаны бақылау жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз жасау ұсынылады. Тұтастай алғанда жүйені жасауды Үкіметтік сағат барысында Парламент Мәжілісі мақұлдады», - деді М.Оспанов.

Оның айтуынша, бұл қағидаттық жаңа функция, оны іске асыруға тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік орган мен қоғамдық бірлестіктер қатысуы мүмкін.

«Сонымен қатар монополистер жүргізген жұмыстардың сапасына көп сатылы бақылауды қолдана отырып, мониторинг жүйесін енгізуді ұсынамыз», - деді ол.