Табиғи монополия субьектілерінің сатып алу шараларын халық бақылайтын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай Табиғи монополия туралы Заңға халық тарабынан қандай түзетулер ұсынылғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Табиғи монополиялар туралы заңға түзетулер енгізу үшін былтырдан бері арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Биыл сол жұмыс белсенді жалғасты. Қоғам тарабынан 50-ден астам түзету берілді. Соның ішінде қандай түзетулер қабылданған жалпылап айта өтейін. Біріншіден, табиғи монополияның кейбір субьектілеріне индекстеу тәсілін қолдану туралы ұсыныс қабылданды. Осылайша тарифтің күрт түсуіне және оның инфляциядан асып кетпеуіне тосқауыл қою көзделген. Қоғам тарабынан иесіз комуналдық қызмет желілерін, жергілікті әкімдік қаржысына салынған желілерді табиғи монополия субьектісінің меншігіне беру туралы ұсыныс айтылды. Мұның бәрі тұтынушылар коммуналдық қызметті үздіксіз алуы үшін істеліп жатыр», - деген комитет басшысы қоғамдық қауымдастықтар табиғи монополия субьектліерінің сатып алу шарасын бақылауды ұсынғанын айтты. Бұл ұсынысты вдеомство қолдап отыр.

«Осы сияқты түзетулерді заң жобасына енгіздік. Қазір құжат Сенаттың қарауында жатыр. Заң жобасы мақұлданғаннан кейін тұтынушылар табиғи монополия субьектілерінің сатып алу шараларын электронды режимде бақылай алады. Бұдан басқа да түзетулер түсіп жатыр. Олардың бәрін жұмыс тобы таразылайды», - деді Асхат Жапсарбай.


Соңғы жаңалықтар