Табиғи монополиялар комитеті: Түркістан облысында газ тарифі арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің газді өңірлерінде газ тарифі 6 пайыз өссе, Түркістан облысында 1 пайыз арзандаған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ыбырайханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Газдың түпкілікті тарифінде екі мемлекеттік мекеме рөл атқарады. Біріншісі – Энергетика министрлігі. Олар бекітетін көтерме тариф түпкілікті тарифтің 70-80 пайызын қалыптастырады. Екінші тараптан тасымалдау құны мен тарифін біз қараймыз. Бұл түпкілікті тарифтің 20-30 пайызын алады. Бірінші шілдеден бастап тариф көтерілді. Себебі жалпы Қазақстан бойынша 6 пайызға көтерілсе, Шымкент пен Түркістан облысында тариф өскен жоқ. Керісінше 1 пайызға түсті деуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ерболат Ыбырайхановтың сөзіне қарағанда, 2018 жылы аталған өңірде тариф 34,5 теңге болса, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тариф 31,6 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ, ол Өзбекстаннан келетін газдың тарифке әсері туралы пікір білдірді.

«Өзбекстаннан келетін газ туралы айтсақ, біздегі мәлімет бойынша ол жақтан келетін газдың мөлшері болар-болмас қана. Көп бөлігі Батыс өңірлерден келеді», - деді комитет басшысы.


Соңғы жаңалықтар