«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылады

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.

Бұл заң жобасы Қазақстан Президентінің 2003 жылғы мамырдың 17-сіндегі Жарлығымен бекітілген еліміздің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты тариф саясатын жетілдіру мақсатын көздейді.