Табиғи монополияларды реттеу агенттігі астаналық департаментінің басшысы ауысты
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қалалық департаментінің директоры болып Бақтияр Аталықов тағайындалды.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңа басшысы департамент ұжымына кеше таныстырылды.
58 жастағы Б.Аталықов 2011 жылдың тамызынан бастап Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қалалық департаменті басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап аталмыш департаменттің бас сарапшысы.