Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тұтынушыларға 910 млн. теңгені қайтарды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Тарифтік саясаттағы энергияны үнемдеу» тақырыбында өткен Үкімет сағатында бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.
«Заңнаманың сақталуын және тұтынушылар құқықтарының бұзылуын болдырмауды бақылау шеңберінде Агенттік заңнама бұзушылығын жою туралы 647 нұсқама енгізді. Әкімшілік жаза қолдану туралы 770 қаулы қабылданды, Бұдан бөлек, республикалық бюджеттік заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкциялары салынып, осы негізде 132 млн. теңгеден астам қаражат өндіріліп алынды», деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы заңнаманы бұзуға жол бергені үшін 104 табиғи монополия субъектісінің тарифтері төмендетілген. Бұндай тарифтерді төмендетудің жалпы сомасы шамамен 2,27 млрд. теңгені құраған. «Жалпы, агенттік жұмыстарының нәтижесінде тұтынушыларға 910 млн. теңгеден асатын сомада қаражат қайтарылды», деді төраға.