Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті нормативтік-техникалық ысыраптарды төмендету бойынша жиналыс өткізді

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат. Елбасының «Дағдарыстан – дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті базалық табиғи монополия суъбектілерінің нормативтік- техникалық ысыраптарының деңгейін төмендету мен нормадан тыс ысыраптарды жою және осы мәселе бойынша

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті нормативтік-техникалық ысыраптарды төмендету бойынша жиналыс өткізді
заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыс өткізді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа қалалық Департаменттің баспасөз қызметі.Департамент Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылға арналған Операциялық жоспарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспарға сәйкес базалық табиғи монополия субъектілері, оның ішінде «Қалалық электр желілері» АҚ ? 1,0%, ал «Астана Су арнасы» МКК ? 1,5% нормативтік -техникалық ысыраптарын төмендетулері керек.«Қалалық электр желілері» АҚ-да нормадан тыс нормативтік ысыраптарды жоюдың 5 жылдық жоспары құрылған.Сонымен қатар, Департамент жоғарыда аталған нормативтік-техникалық ысыраптардың деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды басқа да табиғи монополия субъектілеріне жүргізеді және осы шаралар туралы мүдделі тұлғаларға хабарлайды.