Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азамат Майтиев ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметінен кетті

«ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Майтиев Азамат Бақдәулетұлы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген ақпаратта.