Табиғи өрт көп жағдайда адамдардың кінәсінен болады – Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Табиғи өрт көп жағдайда адамдардың кінәсінен тұтанады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Күн жылына бастағаннан бері елімізде 120-дан астам табиғи өрт тіркелген. Олар көп жағдайда адамдардың кінәсінен тұтанды. Тіпті елді мекендерге іргелес аумақтар мен алқаптардан басталған өрт тұрғын үйлерге шауып, адам өміріне қауіп төндіріп отыр», - деді Әлихан Смайылов,

Үкімет басшысының дерегінше, биыл осындай 14 жағдай тіркелген.

«Бұл – бірінші кезекте, өрт қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті органдар мен жедел әрекет етуі тиіс төтенше жағдай қызметтері мен әкімдіктердің жұмысындағы кемшілік. Сондықтан, өрттен қорғайтын белдеулерді жырту, іргелес аумақтарды қураған шөптен тазарту сияқты жұмыстарды тез арада жүргізу керек. Табиғи өрттерді ерте анықтау жүйесін белсенді енгізу қажет. Мәселен, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында енгізілген смарт-жүйенің арқасында былтыр өрт оқиғасы айтарлықтай азайды. Мұндай тәжірибені басқа да табиғи парктер мен қорықтарда пайдалану керек», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар