Табиғи сипаттағы ТЖ кезіндегі Апаттар медицинасы орталығы жоғары әзірлікте тұр
АСТАНА. KAZINFORM - Республика бойынша Төтенше жағдай туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қөызметі.
Медициналық күштердің құрамы пневмокаркас модульдері базасында далалық медициналық госпитальмен жарақтандырылған Апаттар медицинасы орталығы (АМО) Алматы қаласы бойынша филиалының апаттар медицинасы отрядымен күшейтілді.

Қазіргі таңда ТЖ орнында 26 адам және 8 бірлік техникадан құралған АМО күштері бар. Барлық жедел жәрдем бригадалары дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.