Табиғи теріден жасалған тауар позициясы туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    

Табиғи теріден жасалған тауар позициясы туралы келісім ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.