Табысты Қазақстан - бұл еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың жанкешті еңбегінің жемісі - «Ана» қоғамдық қорының басшысы С. Ысқақова

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Табысты Қазақстан - бұл еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жанкешті еңбегінің жемісі.
None
None

Республикамыздағы әйелдер ұйымының өкілі, «Ана» атты ана мен баланы қорғау қоғамдық қорының басшысы Саида Ысқақова ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуге қолдау білдіріп отыр.

«Біздің мемлекетте жасалып жатқанның барлығы тек бейбітшілік пен әл-ауқаттылық жолындағы іс. Ана, әже және әйел ретінде мен өз ұрпағымның орнықты, өркениетті елде тұруын, білім алуын қалаймын. Ал ол үшін елде бейбіт өмір, тұрақтылық, ел тыныштығы қажет. Ал бұл біздің Қазақстанның бағына қонған игіліктер. Мемлекетіміздің осынау жетістігіне біз Елбасымызға, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қарыздармыз»,-деді С. Ысқақова.

«Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тұрған Қазақстан өзінің алдында тұрған міндеттерді анықтап, болашаққа бастаған қадамдарын нық басып келе жатқан егемен мемлекет және өркениетті қоғам ретінде қалыптасты. Бүгінде әлемдік қауымдастық еуразиялық кеңістікте үлкен саяси ойыншыға айналған Қазақстанның көшбасшылық ұстанымдарын мойындап отыр. Қазақстан қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, болашақта бәсекеге қабілетті елдің негізін бүгіннен қалай беруді тоқтатпауы тиіс. Табысты Қазақстан - бұл еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жанкешті еңбегінің жемісі»,-деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, Н.Назарбаев қоғам дамуы және мемлекеттің өркендеуі жолында әйелдер ұйымдары рөлінің артуына қолдау жасаудан шаршаған емес. Сондықтан барлық әйелдер үкіметтік емес ұйымдары Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту идеясын бірауыздан жақтауда.

«Мен референдумның өтуін қолдаймын. Барша халық та Президенттің өкілеттігін ұзартуды қалап отыр»,-деді ол сөз соңында.

Соңғы жаңалықтар