Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен халық үлесі ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 6,6 пайызды құрады
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -12 мың үй шаруашылығын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар республика халқының үлесі ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 6,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,5 пайыздық тармаққа төмен.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, өмір сүру деңгейінің аймақтық аспектілерін қарастыра отырып, Алматы, Астана қалалары мен Павлодар облысы сияқты аймақтарда кедейліктің төмендеуін атап өтеді. Бұл өңірлер көрсеткіші республикалық деңгейден 2 еседен астам төмен. Кедейліктің ең жоғарғы деңгейі бар аймақтардың қатарына Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары кіріп отыр, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,8 -1,6 есеге асып түсті.
Қалалық және ауылдық жерлердегі табыстардың едәуір саралануы сақталуда. 1 тоқсанда ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 3 есеге дерлік асып түсті. Дегенмен, өткен тоқсанмен салыстырғанда бұл алшақтық кедейлік көрсеткішінің қалада 0,4 пайыздық тармаққа өсуі және ауылдық жерде 0,3 пайыздық тармаққа өсуі есебінен аздап қысқарды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халық үлесінің едәуір төмендеуімен қатар, 1 тоқсанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда қорлар коэффициенті де (0,5 тармаққа) төмендеген. Бұл халықтың 10 пайызы неғұрлым төмен және 10 пайызы неғұрлым жоғары қамтамасыз етілген топтары табыстарының алшақтығының қысқарғандығын куәландырады.