Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен республикадағы халықтың үлесі 2010 жылы 6,5 пайызды құрады - Статистика агенттігі

Қалалық және ауылдық жерлердегі табыстардың айтарлықтай айымашылықтары сақталуда. 2010 жылы ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2,7 еседен көп асып түсті, 1997 жылы оның өсімі 1,4 есені құрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен халық үлесінің айтарлықтай төмендеуімен қатар 2010 жылы кедейліктің шектен асуы мен өткірлігі көрсеткіштері төмендеді. 1996 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде бойынша кедейліктің шектен асуы 10,4 есеге төмендеді және 1,1 пайызды құрады, кедейлік өткірлігі 17,3 есеге төмендеді және 0,3 пайызды құрады.
2010 жылдағы тұрмыс деңгейінің аймақтық аспектісін қарастырып, 6,5 пайыз орташа республикалық деңгейдегі кедейліктің ең жоғары деңгейі байқалатын өңірлер санын атап өтуге болады: Маңғыстау (11,6%), Оңтүстік Қазақстан (11,5%) облыстары және кедейліктің орташа деңгейі Шығыс Қазақстан (8,4%), Қызылорда (6,7%), Батыс Қазақстан (6,7%), Алматы (6,6%), Қостанай (6,4%), Ақтөбе (6,0%), Атырау (5,9%) облыстарында.