Табысы ең жоғары үш музыкант белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Billboard» журналы 2013 жылы ең жоғары табысқа кенелген музыканттардың рейтингін жариялады.

Табысы ең жоғары үш музыкант белгілі болды

Осы басылымның бағалауына сүйенсек, ең қомақты табысқа ие болған әртіс ретінде 23 жасар кантри-әнші Тейлор Свифт атанды. Ол былтыр 40 млн. долларға жуық табыс тапқан. Екінші орынға бір жылда 32,9 млн. доллар табыспен кантри-музыканың тағы бір орындаушысы Кенни Чесни жайғасты. Үздік үштікке поп-әнші Джастин Тимберлейк еніп отыр, ол жыл ішінде 31,5 млн. долларды қанжығасына байлаған. «Billboard» басылымы жыл сайын құратын жоғары табысты музыканттар тізімі 40 позициядан тұрады. Оның басым бөлігіне американдық шоу-бизнестің өкілдері жайғасып отыр.