13:18, 23 Ақпан 2018 | GMT +5
Табысын жарияламаған мемқызметкерлер 17 млн теңге айыппұл төлейтін болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда табысын жарияламаған мемлекеттік қызметкерлерге 17 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 152 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Белгіленген мерзімде табыс декларациясын тапсырмаған 152 мемлекеттік қызметші мен олардың жұбайларына қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Оларға 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметінен.
2018 жылдың 31 наурызына дейін өткен жылдың мемлекеттік қызметшілер табыс көлемі мен мүлкі туралы декларация жіберуі тиіс.
Декларацияны тапсыру үшін оларға жергілікті ХҚКО арқылы криптографикалық кілт алу керек. Электронды режімде декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасында тапсыра алады.
Фото: novoetv.kz