Таэквондо: Тенді еске алып арнайы жейдемен шыққан Жаппаров жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таэквондодан G2 санатындағы рейтингілік «Korea Open» турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таэквондо: Тенді еске алып арнайы жейдемен шыққан Жаппаров жүлдегер атанды

ҚР Таэквондо федерациясы мәлім еткендей Руслан турнирде үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де Оңтүстік Корея өкілдерімен кездескен.

Ол алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда 28:10 есебімен қарсыласына жол берді.

Руслан өз жеңісін Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына бағыштап,   оны еске алу мақсатында арнайы жейде киіп шықты.