Таэквондодан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таэквондодан Вьетнамның Хошимин қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандықтардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таэквондодан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, байрақты дода 24-27 мамыр аралығында өтеді. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасынан Азия чемпионатында 16 спортшы (8 ер және 8 әйел) бақ сынайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы:

Ерлер:

Айтуар Шайкенов (54 келі)
Әлімжан Серікбаев (63)
Ерасыл Қайырбек (68)
Қайрат Сарымсақов (74)
Нұрқанат Қожахмет (74)
Рахым Әділханов (80)
Смайыл Дүйсебай (87)
Руслан Жапаров (+87)

Әйелдер:

Айнұр Есбергенова (49 келі)
Балауса Ералхан (49)
Маржан Төлепбергенова (57)
Гүлім Бибалаева (62)
Бану Мансұрова (67)
Жансель Дениз (73)
Ақсәуле Ерксимова (73)
Мереке Жүнісова (+73)


Фото: bizimages.withfloats.com