Таеквондодан Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды

АСТАНА.KAZINFORM - 5 маусымда Италияның Рома қаласында таеквондодан Гран-при турнирі басталады.

в
Фото: ҚР ҰОК

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады. ҚР ҰОК Ұлттық құраманың тізімін жриялады.

49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова

57 келіге дейін: Мария Севостьянова

58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес

68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров

80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали, Бекасыл Ергеш

80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан

Айта кетейік, Гран-при турнирі 7 маусымға дейін жалғасады.

Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілердің қатарына кіргенін жазған болатынбыз.