Таеквондодан командалық әлем кубогі: Қазақстандықтар екі медаль олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі аяқталды. Қазақстандықтар байрақты додада екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, алдымен ерлер командасы үшінші орыннан көрінді. Жартылай финалда Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров және Рахым Әділхановтар Иранға жол берді.

Ал аралас командалық сында Қазыбек Бақтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариха Алдоңғарова және Жансель Дениз тағы да «қолаға» қол жеткізді.

Осылайша, біздің команда қоржынында екі қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар