Таэквондодан лицензиялық турнирге баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Таэквондодан 15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында Азия құрлығының лицензиялық іріктеу турнирі өтеді. 

таэквондо
Фото: olympic.kz

Аталған жарыста бақ сынайтын қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады. 

Қазақстан сапынан ел намысын қорғайтын таэквондошылар:

57 келі - Мария Севостьянова

+67 келі - Жансель Дениз

58 келі - Самирхон Абабакиров

80 келі - Батырхан Төлеуғали

Әр салмақ бойынша финалға шыққан спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алады.

Айта кетейік, қазақстандық таэквондошылар 2004 жылғы Афина Олимпиадасынан бастап, төртжылдықтың басты додасына тұрақты түрде қатысып келеді.