Таеквондодан Сербияда өтетін жасөспірімдер арасындағы турнирге кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – 5-6 сәуір аралығында Белград қаласында таеквондодан кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Galeb Belgrade Trophy - Serbia Open 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Турнирде 30 елден 800-ден астам спортшы бақ сынайды.
Ел намысын төмендегі таеквондошылар қорғайды:
Кадеттер:
Диас Байдолаев (33 келі), Руслан Стацина (37 келі), Жібек Ерғазы (59 келіден жоғары), Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келіден жоғары), Хамза Ромашкин (61 келі), Әлібек Жақсылықұлы (41 келі), Мирас Исенгелдин (65 келі), Аида Ғожалымова (51 келі), Шаббон Исламбаева (47 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі).
Жасөспірімдер: Теміржан Тасқын (51 келі), Нұрперзент Саматұлы (48 келі), Павел Эм (59 келі), Қанат Рахымберді (68 келі), Мұхамедәлі Махмұд (63 келі), Штафертс Егор (78 келіден жоғары), Мейіржан Мейрамбекұлы (59 келі), Бекет Болатұлы (73 келі).
Еске салсақ, бұған дейін орта салмақта WBO және IBF титулының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы Астанаға келгенін хабарлаған едік.