Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургтегі турнирде жеңіс тұғырына көтерілді

чемпион
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық жарыста топ жарды. 

63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз турнир кезінде қарсыластарын қоғадай жапырды. Осылайша Самирхон әлемдік доданың алтын медалін мойнына тақты.

Айта кетейік, Абабакиров алдағы Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта ел намысын қорғайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда таеквондодан Республикалық ашық турнир өтіп жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram