Таэквондошы Әлімжан Серікбай Ислам ойындарының «күмісін» олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошы Әлімжан Серікбай Ислам ойындарының күміс жүлдесін олжалады. Ол ақтық сында ирандық спортшыға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін 52 келіге дейінгі салмақта боксшы Азат Махметов пен 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахметов ел қоржынына екі алтын салғанын хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12-22 мамыры аралығында Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Оған 54 елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 32 спортшы қорғауда. Олар: бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресі.